«Рухани келісім - халық бірлігіне бастар жол»
 
            
            18.10.2021
Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 18 қазан күні «Рухани келісім - халық бірлігіне бастар жол» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шарамызға ауыл имамы Темірхан мырза қатысты. Сөз кезегінде оқырмандарға имандылық, адамгершілік, кішіпейілдік жайлы мағлұмат берді. Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                