«Сан қырлы дарын»

12.09.2023

Түгіскен ауылдық кітапханасында қыркүйек айының 12-күні Ғафу Қайырбековтың туғанына 95 жыл толуына орай «Сан қырлы дарын» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде Ғафу Қайырбековтың өмірбаяны мен шығармашылығы таныстырылды. Кітап көрмесін қорытындылау мақсатында оқырмандарға викториналық сұрақтар қойылып, кітап көрмесінен алған ақпараттар сұралды.  Мақсаты: Ғафу Қайырбеков туралы мәлімет беру, өлеңінің мазмұнымен таныстырып, оқушылардың ой белсенділігін арттыру, сөздік қорын дамыту.