«Сазды лирика саңлағы»

23.05.2024

   23 мамыр ақын, қазақ  лирикасының хас шебері Сағи Жиенбаевтың 90 жылдығына орай Айнабұлақ ауылдық кітапханасында «Сазды лирика саңлағы» атты көрме әзірленіп, поэзия сағаты өткізілді. 8 -сынып оқушысы Рахман Құрақбай «Қайырлы таң»,  Қыдырбай Гүлден «Оқжетпес», «Ұстазға хат» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Мақсаты:  Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Адалдық пен пәктіктен, ізгілік пен сұлулықтан жаралған рухани мұрасын жас буынға насихаттау, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, шығармашылыққа шындау.