«Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері»
 
            
            21.08.2023
21 тамыз С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 29 тамыз «Семей ядролық полигонының жабылған күніне» орай «Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері» атты танымдық сағаты ұйымдастырылды. Шарада кітапханашы М. Искакова кітап көрмесіне шолу жасап, «Семей полигоны – қасірет ошағы» атты салайд көрсетті. Мақсаты: Семей ядролық сынақ полигоны және оның халық денсаулығына тигізген әсері, Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы түсінік ала отырып пікір алмасып ойларын ортаға салу.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                