«Шәкәрім мұрасы»

13.07.2023

Ш.Ералиев ауылдық  кітапханасында 13 шілде күні Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Шәкәрім мұрасы»  атты кітап көрмесі құрылып, әдеби сағат өткізілді. Кітапханашы Кульмагамбетова Асыл кітап көрмесіне библиграфиялық шолу жасап, Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын екенін айта отырып, өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырып, оқырмандарға толық мағұлмат берді. Мақсаты: Оқырмандарға Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың  рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету