«Шәмші әлемі»
 
            
            20.08.2025
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай 20 тамыз күні «Шәмші әлемі» атты әдеби – сазды кеш өткізілді. Іс –шараның негізгі мақсаты – қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен өнер жолын дәріптеу, оның музыкалық мұрасын жас ұрпақ санасына сіңіру болды. Шара мәдениет үйімен бірлесіп ұйымдастырылып, композитордың ең үздік әндері шырқалды.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                