«Сөз құдіретінің данасы»

30.05.2022

30 мамыр күні  Қоғам қайраткері, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы мен  31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай  Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасында «Сөз құдіретінің данасы» атты Жаңаарқа – Қостанай - Қарағанды - Қарқаралы қалалары арасында online телемост өтті

Мақсаты:  Шығармашылық интеллигенция өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу белсенділігі мен мәдениетін арттыру.

         Шараға Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Жібек Оралқызы өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығы жайлы айтып өтті. Қазыналы мекен, туған жерінен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Торғайдың  Жангелдин мұражайлар  кешенінің басшысы Гүлбану Күлетқызы қоғам қайраткерінің өмірі жайлы сыр шертті.  Қарағанды облысы «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі Нұрлыхан Қалқаманұлы ақынның саяси өмірі мен қазақ тіліне сіңірген еңбегі жайлы сөз қозғады.  Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Актерек ауылындағы №26 А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ директоры Светалана Абеновна Ахмет ұстаздық еткен мектептің тарихы мен бүгінгі мектептің көрінісі мен тыныс-тіршілігі жайлы баяндады. Ғимаратқа бейне экскурсия жасап,  мерейтой қарсаңында атқарылып жатқан іс-шаралар легімен таныстырды. Қарқаралы ауданының тарихи өлкетану музейінің әдіскері  Гүлназ Сериковна қоғам қайраткерінің ұстаздық ұлы жолда Қарқаралы уезінің алар орны мен Алаш арыстарының тоғысуына, ел мүддесі жолында қызмет еткен Ахметтін ерен еңбегі жайлы тың деректермен бөлісті. Қарқаралы аудандық модельді балалар кітапханасының кітапханашысы Ақнұр Мауенқызы А. Байтұрсыновтың шығармасынан үзінді оқыды. Жаңаарқа ауданының тарихи-өлкетану мұражайының директоры Ерболат Берікұлы Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық бағытты жалғастырушы, көсемсөз шеберінің артында қалған өшпес мұрасы жайлы баян етті. А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ахмет тағылымы» атты аудандық сахналық көрініс қоюдан бас жүлде иеленген Атасу ЖОББМ оқушылары  «Ақкөл жағасында»  ақынның  өмірінен сахналық көрініс қойды. С. Сейфуллин атындағы ОКЖ директорының м.а Гүлмайра Ағлақызы майталман ұлы ұстаздың қазақ әдебиетіне, қазақ руханиятына жасаған қызметі жайлы айта кетіп, А.Байтұрсыновтың мерейтойына орай ұйымдастырылған іс-шараның бабалар рухына бас иіп, келешекті болжап, ғасырлар көшіне жіті көз салу үлкен мүмкіндік беретін рухани кездесу кешінің өтуіне мұрындық болған Қостанай, Қарағанды, Қарқаралы қаласындағы әріптестеріне алғысын білдірді. Шараға Е. Шаханов атындағы тірек мектебі, Қарқаралы аудандық  модельді балалар кітапханасы ұжымы, Жаңаарқа ауданының Атасу ЖББМ оқушылары мен ОКЖ кітапханашылары қатысты.