«Сөз зергері-Тәкен Әлімқұлов»
 
            
            04.08.2025
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 4 тамыз күні 2025 жылға арналған «Бір ел-бір кітап» акциясында Т.Әлімқұловқа арналған «Сөз зергері-Тәкен Әлімқұлов» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, кітаптары мен шығармалары таныстырылды. Мақсаты: Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы жан -жақты мәлімет беру, оқырмандардың мемлекеттік тілде сөйлеу аясын кеңейту және әдеби білімдерін толықтыру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                