"Спорт өмір көркі"

28.07.2023

Қарабаев  Аллаберген –1960 ж. Жаңаарқа ауданында туған.Ұстаз ,дене тәрбиесінің маманы. Қарағанды спорт және дене-шынықтыру техникумын және КарМУ-дің тарих факультетін бітірген. 1980-94 жж. Жаңаарқа ауданы Алғабас сегіз жылдық мектебінде дене тәрбиесі мұғалімі ,оқу ісінің меңгерушісі қызыметін атқарған. 1996 ж.аудан орталығындағы Ю.Гагарин атындағы мектептің директоры болып тағайындалды. 2006 жылдан бастап аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бастығы қызметінде. Спорт – денсаулық кепілі. Кәзіргі таңда Жаңаарқамызда  спортпен шұғылданатын жастардың саны артқан . Бұл ретте үйірмелер мен спорт мектептері спорттың алға қадам басуына, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына себепкер болып жүрген Спорт және дене-шынықтыру бөлімінің директоры Қарабаев Аллаберген ағамыздың  еңбегіне шығармашылық  табыс тілейміз!