«Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті»
 
            
            09.09.2025
9 қыркүйек күні Түгіскен ауылдық кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті» тақырыбында ақпараттық дайджест өткізілді. Мақсаты: Сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, оның пайда болу себептері мен алдын алу шаралары туралы ақпарат беру. Іс – шара барысында жасөспірім оқырмандарға сыбайлас жемқорлық жайлы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар, үндеу парақшалары таныстырылып, таратылды. Сондай–ақ сыбайлас – жемқорлықтың куәгері болған жағдайда құзырлы органдарға хабарлау қажеттігі ескертілді.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                