«Тарих беттерінен

15.12.2023

15 желтоқсан күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 16 желтоқсан – Қ.Р.Тәуелсіздігі, еліміздің егемендік  алған күніне орай «Тарих беттерінен» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Шара барысында кітап көрмесі оқырман назарына  ұсынылды. Кітапханашы Кеншимова Сағат баяндама оқыды. Оқушылар 32 жыл ішінде жеткен жетістіктермен бөлісті. Шараға 10 оқушы қатысты. Мақсаты: Қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы ерлік, жетістіктерімен таныстыру.