«Тарихтан тағылым- өткенге тағзым»

30.05.2024

30 мамыр  С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында  31 мамыр-Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» атты тарихи сағат ұйымдастырылып, кітапханашы М.Искакова библиографиялық шолу жасады. Шара барысында оқушылар С.Сейфуллин ескерткішіне барып, қуғын – сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, шығармаларынан үзінді оқылды. Мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралымағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру