«Татулық достықтың мекені»
 
            
            28.04.2022
28 сәуір күні М.Жұмажанов ауылдық кітапханасында 1-мамыр - Қазақстан Халқының бірлігі күніне орай «Татулық достықтың мекені» атты көрме–тану сағаты өтті. Іс-шарамызға ауылымыздың мектебінің 1 сынып оқушылары және сынып жетекшісі қатысты. Мақсаты: 1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                