«Теңге – мемлекет келбеті»
 
            
            10.11.2022
10 қараша күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 15 қараша күні – Ұлттық валюта теңге күніне орай «Теңге – мемлекет келбеті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «Ақша жайында әңгімелейік», «Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан» кітаптары топтастырылып, теңгенің шығу тарихы туралы мағлұмат берілді. Мақсаты: Төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Оқушылардың тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен таныстыру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                