«Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған»
30.11.2020
2020 жылдың 30 қараша күні 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған» атты құрмет көрмесін онлайн библиографиялық шолу өткізілді. Мақсаты: Елiмiздiң тәуелсiздiк алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлiгiн паш ету.Желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлiгiн үлгi етiп көрсету. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін, құдіретті тұлға екенін таныстыру. Желтоқсан оқиғасы – әр қазақтың жан жарасы. Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы туралы. Тәуелсіздік – бабаларымыздың бізге қалдырған асыл мұрасы.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                