«Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры»
 
            
            05.09.2023
5 қыркүйек күні Ақтүбек ауылдық кітапханасында тілдер күніне орай ауылдық кітапхана мен Ақтүбек мәдениет үйі қызметкерлері арасында «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты білім аукционы өтті. Білім аукционы барысында екі топқа бөлінген қызметкерлер өз білімдерін сынға салып, қойылған барлық сұрақтарға жауап берді. Мақсаты:Оқырмандарды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оныңадам өміріндегі маңызын ұғынуға септігін тигізіп, тіл туралы білімдерін сынау.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                