«Тіл мен тұлға»

28.09.2023

Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасында 28 қыркүйек  жерлес жазушы, аудармашы Ісләм Жарылғаповтың туғанына 105 жыл толуына орай «Тіл мен тұлға» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Жазушы өмірі мен шығармалары туралы баяндама жасалды. Шараға Ынталы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Сопақова Гүлнұр қатысты. Мақсаты: І.Жарылғаповтың өмірі мен шығармаларын оқырман қауымға насихаттау.