«Тіл мәртебесі – ұлт мерейі»
 
            
            05.09.2024
Талдыбұлақ ауылдық мәдениет үйінде Талдыбұлақ ауылдық кітапханасымен бірлесе Қазақстан халқының тілдер күніне орай 5 қыркүйек күні «Тіл мәртебесі – ұлт мерейі» атты кітап көрмесі және мақал –мәтел сайысы өткізілді. Бұл іс- шараға Талдыбұлақ ЖББ мектебінің оқушылары және мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. «Тіл мәртебесі – ұлт мерейі» атты кітап көрмесіне кітапханашы А.Асанбаева библиографиялық шолу жасады. Ана тілі - мемлекеттік тіліміз жайлы мағлұмат берілді.Тіл туралы мақал – мәтел айтып, өлеңдер оқылды. Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қасиетін құрметтеуге насихаттау. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                