«Туған күніңмен, Астанам!»

05.07.2025

5 шілде күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында «Туған күніңмен, Астанам!» атты танымдық жыр сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған библиографиялық шолу жасалды. Оқушыларға әсем қаламыз – Астана туралы мәліметтер беріліп, олардың білімдерін тереңдету, Отанын сүюге, ел тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыру көзделді. Мақсаты: Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту, ел байлығын құрметтеуге, Отанымыздың өркендеуіне үлес қосатын білімді ұрпақ ретінде тәрбиелеу.