"Туған ел ұмытпайды өз баласын"

01.08.2023

01.08.2023 жылы Ұлтым деп өткен қайраткердің бірі, республиканың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени  дамуына айрықша үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Елін шексіз сүйіп, ұлтына шынайы қызмет еткен ерлердің бірі Жанайдар Сәдуақасовтың туғанына 125 жыл толуына орай Ақпараттық – библиографиялық бөлім кітапханашылары Жаңаарқа ауданына қарасты Түгіскен ауылдық округіне іс сапармен барып қайтты.Түгіскен ауылының  кітапханашыларымен бірігіп ұйымдастырылған «Туған ел ұмытпайды өз баласын» атты кездесу кешінің басты мақсаты ұлтының жоқшысы бола білген Жанайдар Сәдуақасовтың туған халқына сіңірген ұлан-ғайыр қайраткерлік жолының бір саласын саралау, артында қалған ұрпақтармен жолығу, оны келер жас буынға насихаттау. Жанайдар Сәдуақасовтың 125 жылдығына арнайы құрылған «Туған жер ұмытпайды өз баласын» атты  көрме таныстырылып, деректі фильм көрсетілді. Ұлы тұлғаның ұрпақтарымен сұхбат жүргізіліп, қоғам қайраткерінің  өмірі мен қызметі арқылы, бұл бастаманы Жанайдар Сәдуақасовты дәріптеуіміздің алғашқы игілікті істеріміздің бірі деп кешті қортындылады. Кездесу соңы концерттік бағдарламаға ұласып, естелікке фотоға түсумен аяқталды.