«Тұлғасы биік, талғамы ерекше жазушы»
 
            
            25.01.2022
Түгіскен ауылдық кітапханасында 25 қаңтар күні «Тұлғасы биік, талғамы ерекше жазушы» тақырыбында Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай библиошар өткізілді. Мақсаты: Жазушының өмір жолын, шығармашылығын үлгі ету, кітаптарын қалың көпшілікке насихаттау. Библиошар 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде кітапханашылар жазушының шығармашылығымен және өмір жолымен оқырмандарды таныстырды. Екінші кезеңде оқырмандар шарға жасырылған сұрақтарға жауап берді.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                