«Ұлттық рухымыздың ұлы тұлғасы»

31.01.2024

 Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 31 қаңтар күні қазақ актеры, ұлттық, театр өнерінің негізін салушы Елубай Өмірзақовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ұлттық рухымыздың ұлы тұлғасы» атты портрет кеші өтті. Іс-шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Е.Өмірзақовтың өмірі мен шығармашылығы туралы фотоматериалдар, буклеттер қойылды. Шараға 5-6 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Актердың талантын танытып, өнерге баулу.