«Ұлттық теңге – Тәуелсіз Қазақстанның айшығы» тақырыбында әңгіме шолу
 
            
            15.11.2021
Түгіскен ауылдық кітапханасында 15 қараша ҚР теңге күніне орай «Парасат жолы» бұрышы аясында «Ұлттық теңге – Тәуелсіз Қазақстанның айшығы» тақырыбында әңгіме шолу өткізілді. Мақсаты: Оқырмандардың ақша тарихы жайлы білімдерін кеңейту. Төл теңгеміздің қадірін бағалау, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                