«Ұлттық валюта -теңге»
 
            
            15.11.2024
15 қараша – Ұлттық валюта күніне арнап Бидайық үлгілі ауылдық кітапханасында «Ұлттық валюта -теңге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандарға теңгеміз жайлы мағлұматтар беріліп, теңгеміздің шығу тарихымен таныстырылды, оқырмандармен сұхбат өткізілді. Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемізбен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға енген уақыты жайлы мағлұмат беру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                