Ұлы қайраткерді ұлықтаған сапар

30.05.2023

Ұлы қайраткерді ұлықтаған сапар

Елін шексіз сүйіп, ұлтына шынайы қызмет еткен ерлердің есімі әсте естен шықпауға тиіс. Сондай ерлеріміздің бірі де бірегейі – Шәбден ЕРАЛИЕВ. Қоғам қайраткерінің туғанына биыл – 125 жыл толуына орай Ақпараттық – библиографиялық бөлім кітапханашылары Шәбден Ералиевтің есімімен аталатын ынтымағы жарасқан ырысты мекен Жаңаарқа ауданына қарасты Ералиев ауылдық округіне іс сапармен барып қайтты.Ералиев ауылының  кітапханашыларымен бірігіп ұйымдастырылған «Ұрпақтар сабақтастығы» атты кездесу кешінің басты мақсаты ұлтының жоқшысы бола білген Шәбден Ералиевтың туған халқына сіңірген ұлан-ғайыр қайраткерлік жолының бір саласын саралау, үрім-бұтағымен жолығу, оны келер ұрпаққа насихаттау.
Іс –шара  ажарлы ауыл орталығындағы Шәбден Ералиев атындағы саябақтағы мүсінінің басына Ш.Ералиевтың рухына құран бағышталуынан бастау алып,  ауылдық мәдениет үйінде  Шәбден Ералиевтің 125 жылдығына арнайы құрылған «Тарих толқынындағы тағдыр» атты  көрме таныстырылып, деректі фильм көрсетілді.Ұлы тұлғаның ұрпақтарымен сұхбат жүргізіліп, қоғам қайраткерінің  өмірі мен қызметі арқылы, ұрпақтар сабақтастығына қатысты әңгіме өрбіді. Кездесу соңы концерттік бағдарламаға ұласып, естелікке фотоға түсумен аяқталды.