Ұранды ердің ұрпағы – қайсар!
 
            
            05.05.2025
Бүгін – Отанды қорғаймын деген әр азаматтың мерекесі!
7 Мамыр – ерлік пен батырлықтың, жүректегі патриоттық рухтың күні!
Осыған орай аудандық күзет полициясымен бірлесе отырып “ С.Сейфуллин атындағы ОКЖ КММ” оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы жайында кітап көрмесі таныстырылып іс - шара ұйымдастырылды. Іс - шара барысында Күзет полициясының басшысы Құлқаев Жанбота сөз сөйлеп әріптестеріне құттықтау лебізін білдірді.
Қымбатты аға-інілер, әкелер мен достар!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасы амандығы мен ел алдындағы абыройлы қызмет тілейміз.
Тыныштықты күзетіп, ел үшін тер төккен әрбір ерге мың алғыс!
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі!

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                