«Ұрпаққа ұлағат қалдырған»

09.03.2022

       9 наурыз күні Байдалы би ауылдық  үлгілі кітапханасында  жазушы  Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ұрпаққа ұлағат қалдырған» атты бенефис  өткізілді. Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылып, кітаптар мен шығармалары оқырмандарға насихатталды. Шара барысында оқырмандарға жазушының шығармалары, қаламгер туралы ұлы тұлғалардың естеліктері  таныстырылды. Мақсаты: Қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармаларын оқырмандарға таныстыру.