«Ұстаздар –ұлы тұлғалар»

02.10.2025
2 қазан күні Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасында «Ұстаздар –ұлы тұлғалар» тақырыбында зейнеткер ұстаздармен кездесу кеші өтті. Шараға ауылдың ардақты ұстаздары: Мұсылманбекова Раушан, Калжанова Жанна, Тусупова Балапан, Қасымова Айман, Сағынтаева Рахат, Мұздыбаева Алтын, Төлеуова Таңшолпан апайлар қатысты. Кеш барысында ауыл әншісі Зейнолла Әбдірақым ұстаздарға арнап ән шырқап, оқушылар өздерінің көкейіңдегі сұрақтарын қойып, ұзтаздар жүрекжарды естеліктертерімен бөлісті. Іс-шара соңында аяулы да ардақты жандарға ақ дастарқан жайылды. Мақсаты: Оқушыларға ұстаздарды құрметтеуге, еңбектерін бағалауға тәрбиелеу.