«Ұстазым, ұлағаттым, үлгі – өнегем!»

03.10.2025

Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 3 қазан күні Ұстаздар күніне орай   «Ұстазым, ұлағаттым,  үлгі – өнегем!»  атты ұстазбен сыр - сұхбат өткізілді. Қазан айының бірінші аптасы - ұлық қызмет иелері, мұғалімдеріміздің кәсіби мерекесі. 

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Адам баласына алғаш рет қолға қалам ұстатып, әріп танытқан - ұзтаз. Ұстаз деген ұлы ұғымға мәңгі бас иіп өтуге болады. Шараға Талдыбұлақ ЖББ мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі Ақмолдин Сайлау мырза қатысып,  сұхат барысында ұстаздық жолындағы еңбектері мен қызықты сәттері туралы айтып, өз ойларымен бөлісіп,  жақсы әсер қалдырды. Шараның соңында ұстазға сый – сияпат табысталып, шағын естелік суретке түстік. Бұл сұхбатымызды Мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірігіп өткіздік. Мақсаты: Ұлағатты ұстаздардың ерен еңбектерін бағалау, құрмет көрсету.