«Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға»
 
            
            15.07.2021
Ералиев ауылдық кітапханасында 15 шілде күні Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақпарат сағаты өткізілді. Кітапханашы Г.Ахметбекова Ы.Алтынсариннің өмірбаяны мен қызметі, шығармашылығы жайлы айтып өтті. Кітап көрмесіне жазушының кітаптары қойылды.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                