«Жан жарасына айналған Ауғанстан»

15.02.2021

Түгіскен ауылдық кітапханасында ақпан айының 15 күні «Жан жарасына айналған Ауғанстан» тақырыбында Кеңес әскерінің Ауғанстан жеріне шығарылғанына 32 жыл толуына орай ауылымыздағы Ауған соғысының ардагері Искаков Қыдырбай Нақыпұлымен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне Ауған соғысының ардагері Искаков Қыдырбай Нақыпұлы, Түгіскен ауылдық әкімі аппаратынан Шотанова Күнім, Игілік Омаров атындағы Түгіскен ауылдық  Мәдениет Үйінен Нургалиева Рыскүл, «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі Байдаулетова Ақжүніс және кітапханашылар қатыстырылды. «Жан жарасына айналған Ауғанстан» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. «Жан жарасына айналған Ауғанстан» атты Қыдырбай Нақыпұлының құрметіне жасалған презентация көрсетілді.