«Жаңаарқа елі - Сәкеннің елі жыр елім»

12.10.2023

Жаңаарқа топырағында арғы-бергі замандарда өмір сүрген ақын жыршылардың  елі мен жерін көркем сөзбен туған топыраққа деген перзеттік тағзымын жаңаарқаға  жалынды асқақ жырларын арнаған ақын жазушыларымыздың өлеңдерін және өз дүниесінен шығарған өлеңдерін, поэзия жанры арқылы  Жаңаарқа өңірінің, мәртебесін көтеріп, мақтан тұту.
Өскелең ұрпақты патриотизмге және туған жерімізді  дәстүрі мен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында  C.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 80 жылдық мерейтойына  орай  Жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен, «Жаңаарқа елі -  Сәкеннің елі жыр елім» атты көркем сөз оқу шеберлер байқауы өткізілді.
 Байқаудың талаптарына сәйкес  Жаңаарқа өңірі, туған жер жайлы  туған өлкеге арналған  өлеңдерін үміткерлеріміз  креативті, мазмұнды бейнероликтің сүйемелдеуімен мәнерлеп жатқа оқу бойынша қатысушылар өз кезегімен өнерлерін ортаға салды.
 Қазылар алқасының мүшелері –  Аудандық «Жаңаарқа» газетінің бас редакторы; Салтанат Аманқызы Ералина, мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Шерипбаева Жібек Оралқызы, Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ерболат Берікұлы Шубаев, Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің әдіскері  Мухамедина Асем Сембиновна,  Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ - нің директорының міндетін атқарушысы Қожамберлина Раушан Серғалиқызы  үміткерлерді бағалап, байқаудың қорытындысының әділ шешімін  шығарды.
 Бас жүлде -  Тикенова Анел, "Жас толқындар жырлайды" қызығушылық клубының мүшесі Ақтүбек ауылдық үлгілі кітапханасының жасөспірім оқырманы
І орын – І дәрежелі диплом -  Махмодия Дінислам Бекзатұлы,  Байдалы би ауылы «Атасу ЖББМ»  және Қайрат Санжар - Е.Шаханов атындағы тірек мектебі (РО)» КММ 
ІІ орын – ІІ дәрежелі диплом, бағалы сыйлық, Төлеубай Гүлфайрус,Қызылжар ЖББ
ІІІ орын – ІІІ дәрежелі диплом, бағалы  сыйлық , Дәулетқазы Еркеназ,Талдыбұлақ ауылы
Жеңімпаздарға дипломдар  мен естелік сыйлықтар, қалған қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Жасөспірімдер кітапханасы