"Жаңаарқа мен Сәкен - егіз ұғым"

19.10.2023

С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың 80 жылдығы мен ақиық ақын, белгілі драматург, мемлекет қайраткері С.Сейфулиннің туған күніне орай "Жаңаарқа мен Сәкен -егіз ұғым" атты әдеби -сазды кеш Е.Шаханов атындағы тірек мектебімен бірлесе өткізілді. Мақсаты: ұрпақ мүдесіне, ел тәуелсізідігі үшін күрескен, ақын, жазушы, қоғам қайраткері, Алаш арысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін жаңғырту.  Кеш барысында мектеп оқушылары С.Сейфулиннің шығармаларынан үзінді оқыды. Домбыра үнімен тебіренте "Жаңаарқа" тобы ән шашуды оқырмандарға тарту етті. "Сәкен -жырдың сарқылмас дариясы" атты кітап көрмесі құрылып, кітапханамыздың қорында бар ақынның шығармаларына шолу жасалды.