«Жанашырлыққа жан риза»

17.03.2023

Қайырымдылық  жасасаң, қайырын өзің көресің, - дейді қазақ халқы. Қайырымдылық  - адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады. Осы орайда 17 наурыз күні 22 – Наурыз Ұлыстың Ұлы күніне орай Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында «Қайырымдылық Ұлт» акциясы аясында  жанашыр жобасының мүшелеріне «Жанашырлыққа жан риза» атты іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында жоба мүшелеріне мерекелік дастархан жайылып, наурыз көже ұсынылды. Дәмеш әжеміз әнмен шашу шашып  ән шырқады. Мәдина апайымыз өз жүрегінен шыққан өлең жолдарын жолдады. Мерекелік дастархан соңында жоба мүшелері ризашылықтарын білдіріп, батасын берді.