«Жаса, жайна, ару қалам — Астанам!»

04.07.2025

4 шілде күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 6 шілде — Астана күніне орай «Жаса, жайна, ару қалам — Астанам!» атты кітап көрмесі өткізілді. Көрмеге Астана туралы фотосуреттер, елорданың өткені мен бүгіні жайлы сыр шертетін туындылар, қазіргі келбетін баяндайтын әдебиеттер қойылды. Шараға 4-сынып оқушылары белсене атсалысты. Іс-шара барысында оқырмандар Қазақстан Республикасының жаңа астанасының құрылуы мен даму тарихына қатысты қызықты мәліметтермен танысты. Мақсаты: елордамыздың даму жолдары мен тарихи кезеңдерін таныстыру арқылы оқырмандардың Астана туралы білімдерін тереңдету және әдебиеттерді насихаттау.