«Жасай бер, жайнай бер - Астана»

06.07.2024

Ш.Ералиев  Мәдениет үйі мен Ералиев ауылдық кітапханасы бірлесе  6 шілде Астана күніне орай «Жасай бер, жайнай бер - Астана»  мерекелік концерт өткізілді. Ауылымыздың әншілері әуелете ән салып, биші қыздарымыз мың бұрала биледі. «Астана – ұлтымыздың рухани ордасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды.  Кітап көрмесіндегі ұсынылған әдебиеттер оқырмандарды Астана тарихымен  таныстыра  отырып, елордамыздың даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы,  Астананың абыройын асқақтату және ғасырлық дәстүрді сабақтастырған Астананың бүгінгі келбетінен мол мағлұмат берілді. Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру.