«Жасыл желек – жер көркі»
 
            
            30.03.2022
Түгіскен ауылдық кітапханасында 30 наурыз Халықаралық жерді қорғау күніне орай «Жасыл желек – жер көркі» атты эко-ақпарт сағаты өткізілді. Мақсаты: Табиғатты аялауға, оған қамқор болуға шақыру. Жердің көркі жасыл желек гүлді өсіру, оны күту, баптау туралы мағлұмат беру. Іс-шара барысында кітапханадағы гүлдерге күтім жасалып, жаңа бөлме гүлдері отырғызылды.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                