«Жауқазын ғұмыр»

05.05.2023

5 мамыр күні Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар  күніне орай «Жауқазын ғұмыр» жас ақындар үйірмесінің мүшелерімен «Ерлер–жердің қорғаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,  кітапханашы Г.Ахметбекова библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар поэзия кеші өткізілді. Кеште А.Нағашыбек М.Мақатаевтың «Отан туралы», Ғ.Қыдыр К.Ахметованың «Отанды сүй»,  Д.Шубай  Қ.Сариннің «Тәуелсіздік» атты өлеңдерін оқыды. Үйірме мүшелері бір-бірін мерекемен құттықтады. Мақсаты: Оқырмандарға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.