«Жәдігер Қаныш»

15.05.2024

Түгіскен ауылдық кітапханасы 15 мамыр күні геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Қаныш Сәтпаев есімін ұлықтау, оның игі ісін кейінгі ұрпаққа жеткізу. Кітап көрмесімен кітапханашы Тойжыкова Гүлнұр таныстырды. Ж.Садуақасов атындағы ЖББ орта мектептің оқушылары сұрақтарын қойып, мағлұмат алды. Шара барысында оқырмандарға Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан ғылымына қосқан үлесін бейнелейтін «Жәдігер Қаныш» атты видеоролик көрсетілді.