«Желбіре жеңіс жалауы»

05.05.2023

«Желбіре жеңіс жалауы»

Ұлы Жеңістің маңызы туралы мағлұмат беру; Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеу; жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршын қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарды еске алу; жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру  мақсатында  9 мамыр – Жеңіс күніне  орай  «Желбіре жеңіс жалауы»  атты патриоттық кітап көрмесі   2023 жылдың  мамыр     айының  5  жұлдызында   «С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ–нің Жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен  өткізілді. Жастарға  осы Жеңіске қалай жеткеніміз туралы ақпарат беріп, аға-апалары жасаған ерлікті кейінгі ұрпаққа  біліп жүруі мақсатында, енді ешқашан соғыс болмасын деген ұранмен өткізіп отырмыз. Кітап көрмесінде  30 –дан  аса кітап көрсетілді. Кітап көрмесінде соғыс жылдары басылған кітаптарға   жас ұландарымыздың  үлкен қызығушылығын  тудырып, Ұлы Отан соғысына арналған кітаптарды оқуға алды. Көрмеге Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың қосқан үлесі, олардың батырлық ерліктері туралы материалдар,  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, қазақ батырларының каһармандықтарын баяндайтын кітаптар ұсынылды.