«Желтоқсан алауы»

12.12.2023

Түгіскен ауылдық кітапханасында 16 желтоқсан Қ.Р.Тәуелсіздік күніне қарсаңында 12 желтоқсан күні «Желтоқсан алауы» атты еске алу кеші өтті. Кештің мақсаты: Оқырмандарға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің маңызын, қадір-қасиетін түсіндіру. Тойжыкова Гүлнұр «Тәуелсіздік таңы» атты баяндама оқып, «Тәуелсіздік бәріне қымбат» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кітап көрмесінде «Тәуелсіздік дәуірі», «Менің Отаным-Қазақстан», «Елбасының алтын бесігі», «Желтоқсан көтерілісі» 1-2 том, атты кітаптар оқырмен назарына ұсынылды. Оқырмандар 8 «ә» сынып оқушылары Тәуелсіздікке поэзиялық жүрек жарды өлеңдерін арнаса, 5-сынып оқушысы Төленбек Альдина  домбырамен «Терме» орындады. Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алып, «Атамекен» әнін хормен орындап кешімізді салтанатты түрде, құрметпен аяқтадық.