«Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі»

11.07.2025

      11 шілде күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты ашық ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараға әкімшілік қызметкері Нығманова Саяжан, мәдениет қызметкерлері Дюсенбин Ақан және Мейрамова Арай қатысты. Шара барысында жемқорлыққа қарсы ашық әңгіме жүргізіліп, қатысушылар адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу және оған жол бермеу жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті. Парасаттылықтың қоғамдағы маңызына тоқталып, нақты мысалдар келтірілді. Мақсаты: Адалдық, әділеттілік, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханияттың маңызын қоғамда ілгерілету.