«Жыр қыраны - Жұбан ақын»
 
            
            20.08.2025
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 20 тамыз күні қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Жыр қыраны - Жұбан ақын» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Оқырмандарға Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы, отбасы туралы мәлімет берілді. Мақсаты: Ж.Молдағалиевтың қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың поэзия туралы түсініктерін дамыту.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                