«Жыр қыраны – Жұбан ақын»
 
            
            11.09.2025
11 қыркүйек күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Жыр қыраны – Жұбан ақын» атты кітап көрмесі мен буктрейлер өткізілді. Жұбан Молдағалиев – XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ совет әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, қазақ поэзиясының өркендеуіне қомақты үлес қосқан қаламгер, әдебиет ісінің ұйымдастырушысы, мемлекет қайраткері. Шараға мектептің 2-сынып оқушысы Байбол Аяла атсалысты. Сондай-ақ Мәдениет үйінің қызметкері Каримова Бота ақынның «Мен қазақпын» атты поэмасынан үзінді оқыды. Мақсаты: Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның тұлғалық болмысын таныту, оқырмандардың ақын шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                