«Жыр сұңқары – Жұмекен»
 
            
            10.07.2025
10 шілде күні Қызылжар кенті үлгілі кітапханасында лагерь демалушыларымен бірге 2025 жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын насихаттау мақсатында «Жыр сұңқары – Жұмекен» атты жыр эстафетасы ұйымдастырылды. Мақсаты: Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, оқырмандарға оның әдеби мұрасын таныстыру, жастарды поэзияны сүюге және әдеби құндылықтарды құрметтеуге баулу.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                