«Зобалаң жылдар жаңғырығы»
 
            
            30.05.2025
30 мамыр күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Зобалаң жылдар жаңғырығы» атты әңгіме-шолу өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңдері туралы мағлұмат алып, тарихтан тағылым алды. Мақсаты: Жастарға қуғын-сүргін құрбандарының рухани төзімділігі мен болашаққа деген сенімін ұғындыру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                