Бекімов Төкен

      Жаңаарқа ауданы Сәкен совхозының Бестоған бөлімшесінде 1928 жылдың 27 ақпанында дүниеге келген. Жастайынан алғыр, қабылетті Төкен үнемі басқарушылық қызметтерде болды. 1952 – 1956 жылдары Қазақ ССР – і дайындау министірлігінің Жаңаарқа аудандық бөлімінді бас зоотехник, одан 1962 жылға дейін Ленин ұжымшарын басқарды. 1962 – 1965 жылдары Алғабас бөлімшесінде басқарушылық етіп, сол жылдың аяқ шеңінен ауданның ірі шаруашылығының бірі – «Дружба» кеңшарына бас зоотехник болып ауысты. Мұнда мал шаруашылығын ғылыми және озат тәжірибе негізінде ілгері бастыруға зор үлесін қосты. Сол кездегі бұл кеңшардың директоры Жұмабай Балмағанбетов Төкеннің еңбегін жоғары бағалап, осы маманның біліктілігі мен білгірлігі арқасында аудан бойынша озат шаруашылықтар қатарына қосылғанын мақтан етеді. Бұл шаруашылықта ол қатарынан қол үзбей он екі жыл табысты еңбек етті. Соның алдында Ақмола ауылшаруашылық институтында мамандығын жетілдіру курсында оқып, мал шаруашылығын дамытудағы білімін арттырды. 1977 жылдан қайта құрудың соңғы 1991 жылына дейін ауданның Сейфуллин атындағы кеңшарының Киров бөлімшесін басқарды. Қазір бұл жер Жаңаталап ауылы деп аталады.

 

Кітаптары: 

1. Төкен Бекімов. Ұрпаққа аманат. Жаңаарқа. - 2023 жыл