Бимендина Рымкүл
 
        
        Рымкүл Исатайқызы Бимендина – 1942 жылы Жаңаарқа ауданында туған. Қобызшы, халық аспаптары оркестрінің дирежері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері (2005). Қарағанды музыкалық училищесін (1964), ҚарПИ-дің музыка факультетін (1970), Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген (1984). ҚарПИ-де оқытушы болып істеген. Қарағандының мамандандырылған дарынды балаларға арналған орта музыка мектебінің аға оқытушысы. 1968 жылы Қарағандыдағы кеншілердің мәдениет сарайында «Ғасырлар сазы» атты халықтық ұлт-аспаптар оркестрін құрды. Өлкетану ісімен айналысып, белгілі тұлғалар туралы тарихи мақалалар жазумен шұғылданады. ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                