Досанов Еркеш
Досанов Еркеш Ауған соғысының ардагері Досанов Еркеш 1961жылы Ұлы Отан соғысының ардагері Досанов Аманжан атамыздың отбасында жетінші бала дүниеге келді.Аманжан атамызбен Балташ әжеміз бұл ұл өмірге еркелеп келді деп есімін “Еркеш”деп қойған екен.Еркеште алдындағы апа-ағалары сияқты ауылдың қарапайым баласындай өсті.Басқа балалардай мектепке барып,он жылдықты тәмәмдап 1979 жылдың 9-шы қарашасында әскер қатарына алыныпты.Ол кезде Отан алдындағы борышын атқаратын жері айтылмай құпия сақталатын,барып орналасқан кезде ғана хат арқылы балалары ата-аналарына қандай жерге келгендерін жазып жатушы еді.Еркеш аға ең алғашқы 4 айын Ленинград, қазіргі Санкт-Петербург қаласында дайындық курсынан өтеді,бөлімшелерінде әр жерден,бірнеше ұлт балалары болған,өрімдей жап-жас жігіттердің ауғанға нағыз қан төгіс соғыс ортасына барамыз деген ой болмаған.4 ай дайындық бітсімен барлығын Ауған еліне ауыстырыған.Еркеш аға Ауғаныстанның астанасы Кабулда 1 ай,қалған 19 айын Ванный аэродромында,яғни Баграмда болған.Алғашқы жарақатты ,әскери постыға оқ апара жатқанда “душмандар”жарылғыш оқпен оқ жаудырып,оқ шопыр Тесханов деген Еркеш ағаның жолдасына тиіп сол жерде мерт болып,снарядтың ұшқыны Еркеш ағаның тыныс жолдарына тиген екен.Екінші жарақатты трасса бойындағы Постыға снарядтар түсіріп жатқанда,әуеден шабуыл жасаған “душмандар”снарядтардан оқ жаудырып,қатты жарылыстың салдарынан машина үстіндегі Еркеш аға контузия алады.1981 жылдың қараша айында ауылымыздың қарапайым қара баласы,Отан алдында борышын қаншама ерліктер жасап, ата-анасы және бауырларына, туған аулына аман-есен оралды. Қазіргі таңда «ТОО Сарыарқа ENERG»компаниясында Белаз жүргізуші,С.Сейфуллин ауылының тұрғыны.Отбасын құрған,жұбайы Динара Ынтымақ орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.Үш баланың әкесі