Әбдіханов Аманбек Түсіпханұлы

Әбдіханов Аманбек Түсіпханұлы – (1948-2006) – Ағадыр ауданының Ақжартас ауылында туған. Агроном – экономист, Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын бітірген (1970). Ағадыр ауданындағы «Қарабұлақ» кеңшарында еңбек және жалақы жөніндегі экономист, бас экономист, партком хатшысы, «Октябрьдің 40-жылдығы» атындағы кеңшардың директоры болып істеді. 1992-1997жж. Жаңаарқа ауданының әкімі, 1997-2000жж. облыстық көші--қон басқармасының бастығы, 2000-2004жж. Абай ауданының әкімі, 2004-2005жж. «Қарағанды облысының су шаруашылығы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы қызметтерін атқарды. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Жаңаарқа:Энциклопедия.-Алматы:Темірқазық,2009.-112 бет.

2. Жұмаділдин Асан.Жаңаарқа.Дерекнама.Алматы:Кенже-Пресс-Медиа,2003.-486 бет.